«Қарағанды кәмпиттері» Қазақстанда ғана емес, сыртқа да белгілі аса үлкен кондитер өнімдерін шығарушылардың бірі болып табылады. Фабрика жоғары сұранысқа сай, мінсіз таза, сапалы кондитерлік өнімдердің кең түрлерін (шоколадтың түрлері, шоколадты және помадалы кәмпиттер, карамель, мармелад, вафли, шығыс тәттілері, шоколад және шоколадты батончиктер) өндіреді. Кәсіпорында таза жоғары сапалы материалдар мен шикізаттарды пайдалануда тек қана алдыңғы қатарлы, дәстүрлі технологилар қолданылады. «Қарағанды кәмпиттері» кондитер фабрикасы тәттіні бағалайтындар үшін өнімдер шығарады.
Біздің ерекшелігіміз - сапалы, таза өнімді әр дүкенде ыңғайлы бағада ұсыну.
Компания туралы қызықты мәліметтер
Жартығасырлық тарихындағы өндірістің тұтас көлемі 1 млн. тонна өнімнен асады, ал бұл 125 миллиард кәмпит. Мұндай сан Айға 10 рет баруға жетеді. |
Фабрикада жұмыс істеген жұмыскерлердің жалпы саны 50 мың адамнан асады. Бұл бір қаланың тұрғынының саны, яғни Қазақстанның Шахтинск немесе Ресейдің Гусь-Хрустальный қаласының тұрғындары. |
Фабрикада орнатылған өндірістік желінің жалпы ұзындығы 800 метрден асады, ал бұл 6 футбол алаңының бірге қосқан ұзындығы. |
|